balbal.kz
«Медіғат-Қасым» поэмасының қолжазбасы - Balbal - жетістікке жетелейміз
Мағауия Абайұлының ғибратты ғұмырына зер салсақ, қазақ поэзиясына соны ізденіс әкелген ерекше дарын иесі екенін көреміз. Әкесі әрі ұстазы хәкім Абайдың тағылымынан нәр алған марқасқа Мағауия ақын Шыңғыстау даласын жырлаумен шектелмей, шетел әдебиеті мен мәдениетіне ден қояды. Жанындағы ойшыл әкесінің биік парасаты, салмақты һәм салихалы сөздері жас баланың жанарына от, көңіліне шалқар шабыт сыйлағаны анық. …