aladop.kz
АПЛ басталды! - ALADOP.KZ
«Ливерпуль» — «Норвич» 4:1. Гол авторлары: Хэнли, 7 мин (автогол), Салах, 19 мин, Ван Дейк, 28 мин, Ориги, 42 мин — Пукки, 64 мин. Жаңа маусымның тұсаукесер матчында «Ливерпуль» өз алаңында «Норвичті» қабылдап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ағылшын Премьер-Лигасының 2019/20 маусымының ең алғашқы голын «Норвичтің» шотландиялық қорғаушысы Грант Хэнли 7-минутта өз қақпасына соқты (автогол). Ал ойынның 39-минутында «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон жарақат алып, өз орнын командаласына босатты. Ең бастысы, «Ливерпуль» жанкүйерлерінің команданың 6-рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болғаны туралы жасаған перформансы болды десек артық болмас. Айта кетейік, бұл тек Англиядағы ғана емес, бүкіл ТОП-5 лиганың жаңа маусымындағы ең алғашқы ойыны.