aladop.kz
"Рома" - Испания құрамасының қақпашысын сатып алды - ALADOP.KZ
Осылайша, «Рома» өз тарихындағы ең қымбат қақпашыны сатып алды. Бүгін Рим клубы өз сайтында «Бетистен» Пау Лопесті 23.5 млн. еуроға сатып алғанын хабарлады. 24 жастағы қақпашы мен Италия клубы арасындағы келісім-шарт 5 жылға, яғни 2024 жылға дейін жарамды. Испаниялық футболшы «Бетистен» бөлек, «Эспаньол» жейдесінде 78 ойын өткізсе, «Тоттенхэмде» жалда болғанда алаңға шықпаған. Оған қоса, Пау «қызыл фурия» сапында бір ойында өнер көрсеткен. Шамкен БАЙЫРБЕК.