aladop.kz
Ол "ескі сеньора" сапына қайта оралды - ALADOP.KZ
Бүгін «Ювентустің» ресми сайты қақпашы Джанлуиджи Буффонның клубқа қайта оралғанын хабарлады. 41 жастағы футболшы өзінің бұрыңғы клубымен 2020 жылдың 30 маусымына дейін, яғни 1 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, Буффон 2001 мен 2018 жылдар арасында Турин клубының намысын қорғанан еді. Ал өткен маусымда Париждің «ПСЖ» клубы сапында өткізді. Буффон «ескі сеньора» жейдесінде 9 рет Италия чемпионы, 4 рет Италия Кубогының иегері атанған. Шамкен БАЙЫРБЕК.