aladop.kz
Марио Манджукич бұрыңғы командасына ауысуы мүмкін - ALADOP.KZ
«Ювентус» шабуылшысы Марио Манджукич осы жаздың өзінде клуб ауыстыруға бекініп отыр. Себебі, жаңа бапкер Маурицио Сарри хорватиялық сұрмергенге сенім артпайтынын басшылыққа аңғартып та үлгеріпті. Sport Bild порталының хабарлауынша, 33 жастағы футболшы «Бавария» қатарын толықтыруы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Манджукичті «Ювентус» 2015 жылы 21 млн. еуроға «Атлетикодан» сатып алған болатын. Өткен маусымда шабуылшы А сериясында 25 матчқа қатысып, 9 гол салған және 6 нәтижелі пас берген. Шамкен БАЙЫРБЕК.