aladop.kz
"Тоттенхэм" "Вердерді" жеңуі тиіс - ALADOP.KZ
Футбол.кз сайты маңызды футбол ойындарына болжам беруді жалғастырады. Кеше өткен алғашқы 8 ойынға пікір берген маманымыз біршама ойындардың нәтижелерін дәл тапты. Ал бүгінгі кештің қалай өрбитінін кім білсін? Дегенмен де болжау беруден бұл жолы да қашпаймыз. Сонымен… «А» тобынан бастасақ, мұндағы жағдай төмендегідей: 1 ТОТТЕНХЭМ 4 2 1 1 12-8 7 2 ИНТЕР 4 2 1 1 11-8 7 3 ТВЕНТЕ 4 1 2 1 6-7 5 4 ВЕРДЕР 4 0 2 2 3-9 2 Қалған ойындар: 24 қараша Интер — Твенте Тоттенхэм — Вердер 7 желтоқсан Твенте — Тоттенхэм Вердер — Интер Бұл топта келесі кезеңге өту мүмкіндігінен әлі ешқандай команда үміт үзбеді және сол жолдамаға қол жеткізген де команда жоқ. Мүмкін бүгін бар мәселе шешілер, ол үшін «Интер» «Твентені», ал «Тоттенхэм» «Вердерді» жеңуі тиіс. Қазір «Интердің» ойынына клуб басшылығының да, жанкүйерлердің де көңілі толмауда. Р.Бенитестің тағдыры осы ойыннан кейін шешілуі мүмкін. «Интер» сапында жарақат алған футболшылар көп, ал голландықтардың оңай шағылатын жаңғақ емес екеніне алдыңғы кездесулерде көз жеткізгенбіз. Сондықтан бұл ойын күтпеген нәтиже әкеліп жатса оған таңданбаймыз, бірақ мен италияндықтардан жеңіс күтемін, 2:1. Бұл топтың екінші кездесуінде «Тоттенхэм» «Вердерді» жеңеді деп ойлаймын. Оған себеп көп: біріншіден ағылшындар өз алаңында өте жақсы доп тебеді, екіншіден сол «Вердердің» қазіргі жағдайы мәз емес, оған соңғы ойындары куә. Менің жорамалым, 3:1 «Тоттенхэм» пайдасына. «В» тобы: 1 ЛИОН 4 3 0 1 8-5 9 2 ШАЛЬКЕ 04 4 2 1 1 5-2 7 3 БЕНФИКА 4 2 0 2 6-7 6 4 ХАПОЭЛЬ 4 0 1 3 2-7 1 Қалған ойындар: 24 қараша Шальке 04 — Лион Хапоэль — Бенфика 7 желтоқсан Лион — Хапоэль Бенфика — Шальке 04 Бұл топта «Лион» плэй-оффқа біртабан жақын, ол үшін соңғы турда өзінде «Хапоэльді» жеңсе жеткілікті немесе бүгін «Шалькемен» тең ойнаса да жолдама қалтада. Екінші жолдаманың тағдыры 7 желтоқсанда Лиссабонада өтетін «Бенфика» – «Шальке» матчында анықталуы тиіс, егер бүгін «Бенфика» «Хапоэльге» жеңіліп қалмаса. Менің болжамым: «Шальке» – «Лион» 2:1; «Хапоэль» – «Бенфика» 0:2. Келесі «С» квартеті: 1 МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 4 3 1 0 5-0 10 2 ВАЛЕНСИЯ 4 2 1 1 8-2 7 3 РЕЙНДЖЕРС 4 1 2 1 2-4 5 4 БУРСАСПОР 4 0 0 4 0-9 0 Қалған ойындар: 24 қараша Рейнджерс — Манчестер Юнайтед Валенсия — Бурсаспор 7 желтоқсан Манчестер Юнайтед — Валенсия Бурсаспор — Рейнджерс Глазгоға Р.Фердинанд пен Н.Видич бармайды, оларға А.Фергюссон демалыс беретінін жария етті. Есесіне шабуыл шебіне бірінші минуттан Руни шығады. Жалпы «Манчестерге» тең ойын жеткілікті, ал «Рейнджерске» тек жеңіс қана келесі кезеңге өтуге мүмкіндік қалдырады. «Рейнджерс» – «МЮ» 1:1, «Валенсия» – «Бурсаспор» 3:0. «D» тобының қазіргі жағдайы: 1 БАРСЕЛОНА 4 2 2 0 9-3 8 2 КОПЕНГАГЕН 4 2 1 1 4-3 7 3 РУБИН 4 0 3 1 1-2 3 4 ПАНАТИНАИКОС 4 0 2 2 1-7 2 Қалған ойындар: 24 қараша Рубин — Копенгаген Панатинаикос — Барселона 7 желтоқсан Барселона — Рубин Копенгаген — Панатинаикос Бұл топта «Барселона» мен «Копенгаген» келесі кезеңге өтуге мүмкіншілігі мол. Екеуіне де бір ұпай жеткілікті. Болжам: «Рубин» – «Копенгаген» 2:0, «Панатинайкос» – «Барселона» 1:1.